
Сарандағы бұрынғы РТБ зауытында жаңа жобаларды іске асыруға кірісті. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек алғашқы кезең жұмыстарымен танысты.
Yutong трансұлттық компаниямен бірлесіп автобустар мен арнайы техника өндірісі бойынша жоба басталды. Айта кетсек, жыл сайын 1 200 автобустар және 400 бірлік арнайы техника мен арнайы көлік шығару жоспарлануда. 400 жұмыс орны құрылады. Бірінші автобусты жыл соңына дейін іске қосу жоспарлануда.
Екінші жоба – автомобиль шиналарының өндірісі. Қазір зауыт аумағын ретке келтіруде, ішінара мамандарды жинап жатыр, олардың кейбіреулері – осы зауыттың бұрынғы жұмыскерлері.
- Атақты өндіріс аймағында инфрақұрылымның болуын ескере отырып, осы алаңда индустриалды, оның ішінде жоғарыда аталған жобалар үшін жиынтықтаушылар өндірісі бойынша кластер құруды жоспарлаймыз, - деді облыс әкімі.
Біртіндеп РТБ кенті де жандана бастады. Осы ауданда екі үйді қалпы келтіруде. 90 пәтерді кезекте тұрғандар арасында бөлу жоспарлануда. Мұнымен қатар жол жөндеулері де жүріп жатыр. Ол осы құрылыс кезеңінде аяқталуы тиіс.
- Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде Саранда 676 жұмыс орнымен 40 жоба іске асырылады, оның жартысы – Жұмыспен қамту орталығы арқылы. Осы жылы ЖҚЖК арқасында ТҮКШ саласында, білім беру, медицина нысандарында және қала көшелерінде жөндеу жұмыстарын қаржыландыру 3,5 есе ұлғайды, - деп Саран әкімі Ержан Темірханов әңгімеледі.
Бағдарлама бойынша қалада Саран гуманитарлық-техникалық колледжі, жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты мен бассейні, алты бала бақшалар мен бес мектеп, Мәдениет үйі және кітапхана жөнделеді. «Сұңқар» стадионының және орталық аурухана аумағының жанындағы саябақты көгалдандыру жалғасуда.
Медициналық мекемеге келгенде Жеңіс Қасымбек медициналық қызметкермен әңгімелесті, әңгіме барысында кадр жетіспеушілігі мәселесі көтерілді.
Облыс әкімі мамандарды тарту керектігін, олардың тұрмыстық мәселелерін шешуді, атап айтқанда оларға баспана беру қажеттігін атап өтті.
Жергілікті әкімдікке осы жылы жас мамандарды баспанамен қамтамасыз етудің барлық ықтимал нұсқаларын қарастыру тапсырылды.
- Біз қазір 400 пәтерді Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы облыс дәрігерлері үшін бөліп отырмыз, әлі шамамен 50 пәтерді «Қазақмыс» корпорациясы жұмыс істейтін өңірлерде сатып алды. Жалпы облыс бойынша 450 пәтерді Саранға да бөлу керек. Осы мәселені анықтап алыңдар, - деп Жеңіс Қасымбек өз әріптестеріне тапсырды.
Жалпы Сарандағы баспана құрылысына келетін болсақ, онда «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 100 пәтерлі 5 қабатты үй салынады, осы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған. Келесі жылы тағы төрт үйді салу ойда бар.
Сонымен бірге жалпы ұзындығы 13,1 км 17 қала жолдарының жөндеуі жүріп жатыр.
Осы жылы 50 көп қабатты үйлерді қамтып, 15 аула аумақтары абаттандырылады.
Саранда жылыту маусымына дайындық шеңберінде жылу желілерінің аса проблемалы учаскелерін жөндеу жүргізілген. Су жеткізу желілері, кәріз коллекторлары жөндеуде және кәріз-сорғы станциясы қайта жаңғыртылуда. Бұл қаланы сумен жабдықтау сапасын едәуір жақсартуы тиіс.