Экология министрлігі «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын талқылауға шақырады

Экология министрлігі «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын талқылауға шақырады

5 тамызда, сағат 11.00-де ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары әзірлеген осы заң жобасын қоғамдық талқылаудан өткізеді. Бүгінгі таңда бұл құжат Үкіметтің қарауында. Қазақстанда жануарларды қорғау туралы жаңа заң жобасының қажеттілігі әлдеқашан пісіп-жетілген. Елімізде барлық жануарларға, оның ішінде үй, жабайы және ауыл шаруашылығы жануарларына жауапкершілікпен қарау туралы бірде-бір заң жоқ.

Қолданыстағы заңнамада жануарларға арналған баспана ұғымы және оларды салу стандарттары, үй жануарларын серуендету және күтіп ұстау ережелері жоқ, ал қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою ережелері қалалар мен елді мекендерде әртүрлі.

Қаңғыбас иттерді ату процесінің өзі көпшіліктің сынына ұшырауда. Жануарлардың құқығын қорғаушылар оның орнына жануарларға арналған баспана құрып, мысықтар мен иттерді зарарсыздандыруды ұсынады.

Республикамыздағы өткізілетін иттердің төбелесі және кейбір хайуанаттар бағындағы және цирктердегі жануарларды күтіп-ұстау ережелерінің қаталдығы этикалық тұрғыда қайта қарауды қажет етеді.

Жалпы, жануарларға қатігездікпен қарау мәселесі күрделі. Ол балалар тәрбиесімен, педагогика, этика, ақпараттық, қоршаған ортаны қорғау және қылмыстық-атқару саясатымен тығыз байланысты.

Сондықтан бүгінде мемлекет, бірінші кезекте, хайуанаттар бағындағы жануарларды ұстауға қойылатын талаптарды қатайту бойынша шаралар қабылдайды, жануарларды қорғаудағы азаматтық бастамаларды қаржыландырады, сонымен бірге зоологиялық волонтерлікті қолдайды.

Өз кезегінде, Экология министрлігі халықтың осы мәселе бойынша барлық ұсыныстарын қарауға және заң жобасын талқылау кезінде ескеруге дайын.

ZOOM-форматта дөңгелек столды өткізу уақыты: 2020 жылғы 5 тамыз, сағат 11.00.

Конференцияға сілтеме: https://us02web.zoom.us/j/9043681468.

Пароль: 1204.

Сұрақтар бойынша 8-701-793-24-18 нөмірге хабарласуды сұраймыз.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпараты бойынша