
Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестік 3 тамыздан бастап концерттердің онлайн-трансляциясын қайта бастады.
«Құрметті біздің көрермен достарымыз! Біз 3 тамыздан бастап концерттердің онлайн-трансляциясын қайта бастаймыз. Сіздердің назарларыңызға тамыздың бірінші аптасында музыкалық бағдарламалардың күнтізбесін ұсынамыз. Бізбен бірге қалыңыздар! Сіздердің назарларыңыз бен қолдауларыңызға қуаныштымыз!» - деп концерттік бірлестіктің әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларында жазылған.
Концерттер кестесін http://karfil.kz сайтынан және бірлестіктің әлеуметтік парақшаларынан көруге болады.