Кәсіпкерлер мен бағдарламашылар қыркүйек айындағы неконференцияға шақырылады

Кәсіпкерлер мен бағдарламашылар қыркүйек айындағы неконференцияға шақырылады

"Террикон алқабы" ІТ-хабы 27 қыркүйекте кезекті неконференция өткізілетінін хабарлайды. Қатысушыларды тіркеу басталды.

ІТ & digital мамандары арасында желілік іс-шараға алты спикер мәлімделді.

Байланыс және маркетинг бойынша сарапшы Әсем Берік IT-бизнес пен стартаптарды қалай ілгерілету керектігі туралы білімдерімен бөліседі.

Bakotech компаниясындағы Product Marketing Manager Ғайни Ибрагимова "iІТ-дегі B2B-маркетинг" дәрісін оқиды.

Клиенттерге IT-өнімді қалай тез енгізуге және команданы ынталандыруға болатынын Қазақстандағы VК Сloud бизнесті дамыту жөніндегі маманы Тимур Айтқалиев баяндайды.

7Generation компаниясындағы data Scientist Тұрлыхан Тоқтағанов DS-ге қалай өту керектігін және оны алып жүру керектігін түсіндіреді.

Backend-әзірлеуші Дина Афанасьева әзірлеушіге WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионаты не беретінін айтады.

"Kotlin-ге көшу және асинхронды кодтың артықшылықтары" - Nitec-тегі staff Software Engineer Темірлан Аманбаевтың дәріс тақырыбы.

Формат: офлайн/онлайн.

Қатысушыларды тіркеу terricon.kz сайтында өтеді.

Басталуы 18:30.

"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.

Конференция Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.