
Жазушы, драматург, публицист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына 135 жыл толуына орай Павлодарда "Ертіс-Баян" мемлекеттік кәсіби драма және музыкалық-драма театрларының I Республикалық театр фестивалі өтеді. Үздік шығармашылық ұжымдар конкурстық негізде сыйлықтарға ие болады.

Фестивальді Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театры қабылдайды. Шара 20–25 қыркүйек аралығында өтеді.

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры 22 қыркүйек күні сағат 18:30-да Павлодар көрермендеріне Мұхтар Әуезовтің пьесасы бойынша "Қарағөз" трагедиясын ұсынады. Махаббат хикаясы мәңгілік: ол бүгін де, болашақта да өзекті.
Спектакльді Вахтангов атындағы Ресей академиялық Мемлекеттік театрының режиссері Гүлназ Балпейісова қойды.