Қарағандының мәдени нысандары ашық есік күнін өткізеді

Қарағандының мәдени нысандары ашық есік күнін өткізеді

Жексенбі, 15 қыркүйекте Жаңа Майқұдық, "Молодежный" мәдениет үйлері және Теміржолшылар мәдениет сарайы ашық есік күніне шақырады.

Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде келушілерді сағат 12:00-де күтеді. Мұнда қонақтар үшін ақпараттық-концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.  

"Ашық есік күнінде ауданымыздың тұрғындары МҮ көркемөнерпаз үйірмелерінің жұмысымен танысып, өздеріне ұнаған үйірмеге жазыла алады", – деді Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде.

Телефон 35-79-02.

Теміржолшылар мәдениет сарайы да қонақтарды сағат 12:00-де қарсы алады. Концерттік бағдарлама ұйымдастырылады, сондай-ақ шығармашылық ұжымдарға жазылуға болады.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі телефондарға хабарласу қажет: 78-03-48, 8-775-449-20-65.

"Молодежный" мәдениет үйінде сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін үйірмелерге іріктеу өтеді, ал 12:00-де көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.

Телефон 53-04-56.