
Әлеуметтік-медициналық мекемелердің жұмысы туралы Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова мен Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департамент басшысы Наталья Крюкова айтып берді.
COVID-19 пандемиясына байланысты Қарағанды облысының медициналық-әлеуметтік мекемелерінде карантин енгізілді. Жолдамаларды беру уақытша тоқтатылды, пациенттердің туыстарымен және мекеме басшыларының науқастардың отбасы мүшелерімен жеке кездесулеріне тыйым салынды.
- Қазір кездесулер онлайн-режимде өтіп жатыр. Медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері туыстары бар пациенттер үшін бейнебайланыс ұйымдастырады, сондай-ақ науқастардың мекемелерде болуын ұйымдастыру бойынша маңызды мәселелерді талқылау үшін туыстарының клиникалар басшылығымен онлайн - кездесулерін үнемі өткізеді, - деді Әсем Жүніспекова.
Сондай-ақ, ол өңірде медициналық-әлеуметтік мекемелер жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол үшін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сайтында осындай барлық мекемелердің бюджеттері орналастырылған.
Бүгінгі таңда барлық медициналық-әлеуметтік мекемелер жеке қорғаныс құралдарымен, санитайзерлермен және дезинфекциялық құралдармен толық қамтамасыз етілген, қызметкерлер күн сайын термометриядан өтеді. Азық-түлік пен тұрмыстық құралдардың азаймайтын қоры бар.
Үйде әлеуметтік қызмет көрсету кезінде карантиндік шаралар да сақталады. Оларды жалғыз басты зейнеткерлер, мүгедектер, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен адам саудасының құрбандары алады.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерді Облыстың еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитеті департаментінің мамандары үнемі тексеріп отырады. Жыл басынан бері олар тоғыз жоспарлы және бір жоспардан тыс тексеру жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша бұзушылықтар алты мекемеде анықталды.
- Тексерулер көрсеткендей, өкінішке орай, біздің барлық мекемелер халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін жабдықталмаған. Барлық жерде тиісті пандустар, тұтқалар және басқа да қажетті құрылғылар жоқ. Біз барлық мекемелерді мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы ету үшін белсенді жұмыс жүргіземіз, - деп атап өтті департамент басшысы Наталья Крюкова.
Қарағанды облысында зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған стационарлық сипаттағы қызмет көрсететін 12 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. Олар Қарағандыда, Шахан кентінде, Жезқазғанда және Қарқаралыда орналасқан.