
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қаржылай қолдауымен «Бөлшекте! Тапсыр! Қайта өңде!» акциясы аясында Кирзавод ауданында кезекті сенбілік өтті. Бір сағат ішінде 15 адам 37 қап қоқыс жинады, оның 17-сі «Қарағанды қайталама шикізат» компаниясына өңдеуге жіберілді.
Дамир Кәрімовтың басшылығымен «Жас Ұлан» қозғалысының Қарағанды облысы еріктілер штабының экобелсенділері қаланы қоқыстардан тазартады, қалдықтарды көбіне тұрғындар табиғатта демалғаннан кейін шашып кетеді. Дамир экосенбіліктер жыл сайын, он жыл бойы өткізіліп келе жатқанын атап өтті. Бұл акцияға кез келген адам қатыса алады.
- «Тазалық – денсаулық кепілі» - бұл сөздерді бәрі біледі. Ал егер тазалық қылқан жапырақты орманда сақталса, онда бұл денсаулықтың екі есе кепілі! Мен осындай бастамаларды неліктен істеймін? Себебі «мен болмасам, кім бастар?» ұранын басшылыққа алуға тырысамын. Біздің іс-шараларымызға кез-келген тілек білдірушілер қатыса алады, - дейді Дамир Кәрімов.
Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы осындай акцияларды үнемі қолдап отырады.
Сенбілікке қалдықтарды шығарумен айналысатын «Экоәлем Қазақстан» ЖШС өкілдері де қатысты.
Еске сала кетейік, биыл алғаш рет экосенбілік маусым айының соңында Қарағандыда өткен болатын. Содан кейін орталық саябақта 38 қап қоқыс жиналды.
Қаладағы тазалық үшін жауапкершілік әрқайсымызға жүктеледі. Біз тек жалпы күш-жігермен тәртіп орната аламыз.