
Жас мемлекеттік қызметші мектебі 10 қыркүйектен бастап 2024 жылғы жобаға қатысу үшін құжаттарды қабылдай бастады. Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары шақырылады.
Жоба төрт кезеңнен тұрады:
1. Құжаттарды 2024 жылғы 10 қыркүйектен 10 қазанға дейін электрондық пошта арқылы қашықтықтан форматында қабылдау shgs.2024@gmail.com. Келесідей құжаттарды: жеке куәлік, оқу орнынан анықтама, Platonus транскриптін ұсынғандар келесі турға – шығармашылық эссе жазуға жіберіледі.
2. Конкурстық іріктеу (эссе жазып, оны shgs.2024@gmail.com поштасына жіберу қажет).
3. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалында оқу.
4. Жоба шеңберіндегі оқыту іс-шаралары.
Толық ақпаратты call-орталықтан білуге болады: +7-777-540-51-90, +7-778-100-23-51, сондай-ақ Instagram парақшасында: @school_2024kz.