Қарағандының Орталық саябағында демалыс күндері өтетін шаралар

Қарағандының Орталық саябағында демалыс күндері өтетін шаралар

Қарағанды қаласының Орталық саябағында алдағы демалыс күндері спорттық-ойын-сауық іс-шаралары дайындалды. Барлық шаралар қайың тоғайында өтеді.

7 қыркүйек

17:00 – Отбасы күніне арналған "Ұрпақтар үндестігі" мерекелік концерті.

8 қыркүйек

08:00 – йога;

10:00 – зумба;

16:00 – би кеші.

Аттракциондар 12:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді, балалар теміржолы бейсенбіден жұмаға дейін 12:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері 11:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді (жөнелту – әр сағат сайын).