Қарағанды IT хабында капиталды қалай сақтау және көбейту керектігін үйретеді

Қарағанды IT хабында капиталды қалай сақтау және көбейту керектігін үйретеді

7 қыркүйекте «Tеррикон алқабы» IT хабында ақшаны үнемдеп қана қоймай, көбейту үшін қайда инвестициялау керектігі баяндалады. Тегін дәріске барлығын шақырады.

Баяндамашы – CEO @FINANCEkaz қаржылық талдаушысы Андрей Чеботарев. Сарапшы инвестиция саласындағы білімдерімен бөлісіп, жұмыс құралдары туралы әңгімелейді.

Бағдарламада:

- жылжымайтын мүлікке инвестициялар;

- рецессия;

- валюта бағамы;

- брокерлер мен реттеушілер құпиялары.

Сайтта тіркелу: terricon.kz.

Өтетін тілі: қазақ, орыс.

Формат: офлайн/онлайн.

Басталуы 19:00-де.

«Tеррикон алқабы» IT хабының мекенжайы: Алалыкин көш., 12.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізілуде.