Қарағанды облысы: құрбандық шалуды қалай онлайн жүзеге асыруға болады

Қарағанды облысы: құрбандық шалуды қалай онлайн жүзеге асыруға болады

Биыл Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 1-2 тамызға келеді. Елімізде карантиндік шаралар қабылданғандықтан, қазақстандықтар онлайн-құрбандық шалатын болады. Ол үшін Qurban2020.kz сайты жұмыс істейтін болады. Біздің облыста мерекені онлайн-режимде өткізу үшін штаб құрылды, оның құрамына бес техникалық маман кіреді.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің тікелей эфирінде «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» республикалық ислами діни бірлестігінің облыстық филиалының басшысы, Қарағанды облыстық бас имамы Өмірзақ Бекқожа мәлімдеді.

- Біріншіден, баршаңызды исламдағы ең ұлы және ең қасиетті Құрбан айтпен құттықтағым келеді. Осы жылы ҚМДБ шешімі бойынша ол онлайн-режимде өтеді. Бұл дегеніміз мүфтият құрған Qurban2020.kz сайты арқылы әркім құрбандық шала алады дегенді білдіреді. Оның басты бетінде үш ұяшық бар. Біріншісін басу арқылы сіз құрбандық шалу қызметіне тапсырыс бере аласыз. Онда аймақты атап өту керек, содан кейін сауалнаманы толтырып, деректеріңізді қалдыру керек. Содан кейін жануарды таңдау керек. Ірі қара малды, қойды, ешкіні немесе түйені құрбан етуге болады. Ірі қара немесе түйе бір адамды немесе жеті адамды біріктіре алады. Қой немесе ешкіні тек бір адам ғана құрбан етеді, - деді Өмірзақ Бекқожа.

Сайт пайдаланушысы жануарды таңдағаннан кейін оның құны автоматты түрде пайда болады. Содан кейін электрондық тапсырыс нөмірі шығады және қажетті соманы көрсетілетін деректемелер бойынша аудару қажет.

Екінші ұяшық мұқтаждарға арналған. Мұнда сіз құрбандық етін алуға өтініш бере аласыз (бұл функция кедейлерге қол жетімді). Ол үшін сайтта тұратын аймақты көрсету және тиісті әлеуметтік мәртебені растайтын құжаттарды тіркеу қажет.

Qurban2020.kz сайтындағы Құрбан айт туралы толық ақпаратпен мына сілтеме бойынша танысуға болады https://www.muftyat.kz/ru/news/qmdb/2020-07-24/32253-zapushchen-sait-qurban2020kz/.