
Қарағанды бейнелеу өнері мұражайында Саран қаласының жас суретшілерінің жұмыстары ұсынылады. Вернисаж бірден екі мерейтойлық іс-шараға – қаланың 70 жылдығына және балалар өнер мектебінің 65 жылдығына арналған.

Экспозицияға кескіндеме, графика, мүсін түрлеріндегі жүзден астам жұмыстар кірді.
Көрменің ашылуы 4 қыркүйекте сағат 15:00-де өтеді. Көрермендер көрмені 15 қыркүйекке дейін тамашалай алады.
Мұражайдың мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 76.