ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «ЖАЗ ӘУЕНДЕРІ» онлайн-жобасын іске қосады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «ЖАЗ ӘУЕНДЕРІ» онлайн-жобасын іске қосады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы жанындағы мемлекеттік концерттік ұйымдардың концерттік-гастрольдік қызметі республикалық орталығымен бірлесіп «ЖАЗ ӘУЕНДЕРІ» онлайн-жобасын іске қосады.

YouTube арнасы мен мәдениет және спорт министрлігінің сайтында шығармашылық ұжымдардың үздік концерттерінің жазбалары көрсетіледі.
Музыка мен шығармашылықта шек жоқ.
Осы жаздың ең жарқын қойылымдарын жіберіп алмаңыз!