7 мыңға жуық оңалту техникалық құралдары әлеуметтік қызмет көрсету порталы арқылы берілді

7 мыңға жуық оңалту техникалық құралдары әлеуметтік қызмет көрсету порталы арқылы берілді

Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосқан сәттен бастап 2020 жылдың басында мүгедектігі бар адамдарға 6 836 техникалық оңалту құралдары (ТОҚ) берілді. 2 240 Тапсырыс жеткізу сатысында
Портал мүмкіндігі шектеулі адамдарға техникалық оңалту құралдарының өндірушісі мен жеткізушісін өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмектің кепілдік берілген түріне тапсырыс беру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген техникалық оңалту құралдарын жеткізу немесе өзіңіз алып кету арқылы алуға болады.
Қазіргі уақытта порталда ТОҚ 55 түрінің 24-і қол жетімді. 2020 жылдың екінші жартыжылдығында мүгедектердің портал арқылы жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтеріне тапсырыс беру, сондай-ақ санаторий-курорттық емдеуді жүзеге асыру үшін ұйымды таңдау мүмкіндігі болады. ТОҚ-ның қалған түрлері 2021 жылы порталға көшіріледі.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарды, сондай-ақ кресло-арбаларды ұсынуды қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, Электрондық ресурс алушыларды қажетті қызметтермен және ТОҚ жеткізушіден тікелей қамтамасыз ету мақсатында мүгедектігі бар тұлғалар үшін әзірленген.
Порталда 534 өнім беруші тіркелген, оның 24-і техникалық өңлту құралдарын қазірден бастап ұсынуда. Сонымен қатар олар 510 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін болады.
Порталды пайдалануға қатысты кеңестерді 1411 нөмірі бойынша алуға болады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты