ХҚКО және арнайы ХҚКО жұмыс кестесі

ХҚКО және арнайы ХҚКО жұмыс кестесі

Отызыншы тамызда, Конституция күнін мерекелеу күні Халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар жұмыс істемейді.

Отыз бірінші тамыз – кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО үшін жұмыс күні. Олар 09:00-ден 13:00-ге дейін ашық.

Дүйсенбі, 2 қыркүйектен бастап орталықтар азаматтарды әдеттегі кесте бойынша – 09:00-ден 18:00-ге дейін, кезекші ХҚКО-лар – 20:00-ге дейін қабылдайды. Арнайы ХҚКО жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін, сенбі күндері кезекшілер сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді.