
Мүгедектігі бар және оларға қамқорлық жасайтын Қарағанды облысының тұрғындарынан тестілеуші және бағдарламалау (backend және frontend) сияқты бағыттар бойынша оқуға өтінімдер қабылданады. Курстарға 4 айлық теориялық сабақтар мен 2 айлық практика, соның ішінде Қарағанды ІТ-компанияларында тағылымдама кіреді.
Өтінімдер 20 қыркүйекке дейін қабылданады, оқу курсының басталуы 24–25 қыркүйекке жоспарланған.
Курстар кімге пайдалы болуы мүмкін:
- бағдарламашы болғысы келетіндерге;
- болашақ мансабын IT әлемімен байланыстыратындарға.
Оқыту "Террикон алқабы" базасында өтеді деп жоспарланған (Алалыкин көшесі, 12).
Сабақтарды халықаралық технопарктердің сертификатталған мамандары өткізеді.
Тіркелу немесе қосымша ақпарат алу үшін 8-776-5-444-666 нөміріне хабарласу қажет.
Курстардың мақсаты – оқыту ғана емес, мүгедектерді жұмысқа орналастыру.