
Қарағанды облысының спортшылары Кишиневте (Молдова) өткен параармрестлингтен әлем чемпионатында түрлі үлгідегі бес медаль жеңіп алды. Жарысқа 51 елден бір жарым мың спортшы қатысты. Оның 500-ге жуығы мүгедек.
Қарағанды облысының атынан төрт параатлет шықты.

Никита Ермаков сол қолымен бірінші орын алып, төрт дүркін әлем чемпионы атанды.

Оң қолымен спортшы күміс алды.

Сондай-ақ, қарағандылық Қайрат Өтебаев сол және оң қолымен қола жүлде алды.

Антон Чуб оң қолымен үшінші орын алды.
Қанат Әбдуокапов төртінші болды.
– Әр санатта шамамен 8-ден 12 адамға дейін болды. Жарыс өте бәсекелі болды және жоғары деңгейде өтті, – деді қарағандылық спортшылардың жаттықтырушысы Руслан Түспеков.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша