
Қарағанды облысының тұрғындары медициналық қызметкерлерге COVID-19-бен күресуге көмектесуде. Қарқаралы ауданының тумалары өздерінің туған жерінде орналасқан ауруханаларға тоғыз оттегі концентратын тапсырды.
Кәсіпкерлер Нұрлан Мұсипов пен Ермұрат Зейнешев, Қарағандыдағы "Тазалық Эксперт" ЖШС басшылары өз есебінен сегіз оттегі концентратын сатып алып, Қарқаралы мен Егіндібұлақ ауылдарының ауруханаларына жеткізді.
Бұдан бұрын "Темірзат" ЖШС басшысы Айдын Мезгілбаев оттегі концентратын Қарқаралы ауданының орталық ауруханасына тапсырған болатын.
Кәсіпкерлер өздері сатып алған Armed 8F-5 ресейлік аппараттары науқастарға көмектесетініне сенімді.
Өз кезегінде медицина қызметкерлері жерлестеріне жасап жатқан игі істері үшін алғыстарын білдірді.