Қарағанды жастары турникке тартылу турнирінде өз күшін сынай алады

Қарағанды жастары турникке тартылу турнирінде өз күшін сынай алады

Қарағанды қаласының Орталық саябағының жағалауында 24 тамыз сағат 17:00-де QARAGANDY TARTYLU FEST турникте тартылу турнирі өтеді.

Тіркеу уақыты: 16:00-ден 17:00-ге дейін.

Турнирге қарағандылықтар 14 жастан 35 жасқа дейін үш салмақ дәрежесі бойынша қатыса алады:

- 65 кг дейін;

- 65-тен 85 кг-ға дейін;

- 85 кг-нан астам.

Турнирді ұйымдастырушылар – "Қазақстан азаматтары” ҚБ және қала әкімдігінің қолдауымен Invictus Go фитнес-клубымен бірлесіп Қарағанды Жастар ресурстық орталығы.

"Жалпы жүлде қоры – 630 мың теңге. Әр салмақ дәрежесінде үш жүлделі орын болады: 1-ші орынға – 120 мың теңге; 2-ші орынға – 60 мың теңге; 3-ші орынға – 30 мың теңге. Сондай-ақ, QARAGANDY TARTYLU FEST қатысушыларын танымал спортшылармен және блогерлермен басқа да қызықты спорттық жарыстар мен шеберлік сабақтары күтеді", – деді ұйымдастырушылар.

Турнир ережелерімен @qaragandy_jastary Instagram парақшасында сілтеме бойынша танысуға болады https://docs.google.com/document.