
Қарағандыда ұлттық стильде сегіз шағын сәулет пішіні орнатылды.

Металлдан жасалған жаңа композициялар қаладағы халық көп жиналатын орындарды безендірді.

"Бұқар жырау даңғылындағы "Арбат" СО алдындағы алаңда сегіз шағын сәулет нысаны орнатылған: "Домбыра", "Қобыз", "Торсық", "Шаңырақ", "Тайқазан", "Білезік", "Асық", "Күбі". Жобаның авторы және орындаушысы "Қарағанды Көркем" мердігерлік ұйымы болып табылады. Орындалған жұмыстардың кепілдік мерзімі 5 жылды құрайды", – деді Қазыбек би атындағы ауданның баспасөз қызметі.

Барлық нысандар жарықтандырылған және кешке және түнде жақсы көрінеді.