
Қарағандылықтарды онлайн режимде тегін ағылшын тілін оқуға шақырады. Топқа жас мөлшеріне қарамастан тіл меңгерудің бастапқы Beginner деңгейі бар оқушылар қосыла алады.
Тегін курстарды ұйымдастырушы – Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы.
Сабақтар басталды, бірақ әлі де бос орындар бар.
Сабақтар сейсенбі және жұма күндері сағат 16.00-ден 17.00-ге дейін өтеді. Курсты Оксфорд университеті әзірлеген бағдарлама бойынша дипломды оқытушы жүргізеді.
- Біз жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан кез келген оқушыны қарсы алуға қуаныштымыз. Басты шарт - тіл деңгейі Вeginner болуы керек. Біз курсты аяқтағанға дейін, яғни оқушылар деңгей бағдарламасын толық меңгермейінше жалғастыратын боламыз. Бұл курста грамматика да, сөздік қор да, сөйлемдерді есту қабілеті де бар, - дейді оқытушы Влада Волянская.
Курсқа 8-708-950-90-28 және 8-702-203-11-13 нөмірлері бойынша жазылуға болады.