Қарағандыда қала әкімі кубогына Jaidarman фестивалі өтті

Қарағандыда қала әкімі кубогына Jaidarman фестивалі өтті

Қарағандыда қала әкімінің кубогына Jaidarman фестивалінің қорытындысы шығарылды.

Ең тапқыр және әзілкеш команда астаналықтар болды – гран-при SEIFULLIN командасының еншісінде. Бірінші орынды Теміртаулық "Ғарыш", екінші және үшінші орынды қарағандылық "Кардеш" және "Ерекше" командалары иеленді.

Ойынның жалпы жүлде қоры миллион теңгені құрады.

– Біздің команда екі жыл бұрын құрылды. Ойын барысында бізде проблема болған жоқ: Қарағанды туралы жаңалықтарды іздедік және олардың негізінде әзілдер ойлап таптық, – деді SEIFULLIN тобының мүшесі Нұрболат Тұрдыбай.

– Біздің "Ерекше" атты командамыз 2023 жылы Қарағанды облысының Jaidarman суперлигасының чемпионы атанған. 2017 жылы құрылған. Біз үздік болмасақ та, көшбасшылар үштігіне ендік, – дейді "Ерекше" командасының капитаны Алданыш Әнуарбекұлы.

Сондай-ақ, "Үздік ойыншылар" анықталды. Бұл атаққа қарағандылықтар "Тіфә-тіфә" және "Айналайын" командаларынан Қайрат Біләлов пен Айкүнім Серікова ие болды.

Фестивальге барлығы 10 команда қатысты, олардың әрқайсысында 5 адам бар.