
"Террикон алқабы" ІТ-хабы жаңа HackTheBookshelf хакатонының басталғанын хабарлайды. Әзірлеушілерге арналған байқау 6 қыркүйекте өтеді. Ол Н. В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық кітапханасының 90 жылдығына орайластырылған.
Қатысуға жаңадан бастаған және тәжірибелі әзірлеушілер, IT мамандықтарының студенттері, тестерлер мен дизайнерлер шақырылады.
Командалар қысқа уақыт ішінде кітапханаға арналған прототиптік өнімді әзірлеуі керек. Таңдау үшін екі жағдай – онлайн платформа және мобильді қосымша. Тапсырманы орындау үшін үш күн беріледі.
Жүлде қоры – 1 млн теңге. Оны ең жақсы төрт команда арасында бөледі. Қосымша конкурстың Бас жүлдесін – 500 мың теңгені алатын ұжым таңдалады.
Формвт: офлайн/онлайн.
Сайтта тіркелу: terricon.kz.
"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.
Хакатон Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.