Көп балалы аналар қарағандылық дәрігерлер үшін ыстық түскі ас дайындауда

Көп балалы аналар қарағандылық дәрігерлер үшін ыстық түскі ас дайындауда

«Асыл ана» және «Ана-Мама» қоғамдық бірлестіктерінң қатарындағы көп балалы аналар жедел жәрдем фельдшерлері мен провизорлық госпиталь дәрігерлері үшін ыстық ас дайындады. Осылайша олар адамдарға көмектерін көрсетіп, ТЖ кезінде оларға қолдау білдірген мемлекетке алғыстарын білдірмекші.  «Асыл ана» көп балалы аналар бірлестігінің төрайымы Айжан Байділдинова медицина қызметкерлеріне көмек көрсету туралы шешімге әйелдердің қалай келгенін айтып берді.

- Барлығы оттегі концентпаторын сатып алуға ерікті ақша жинау туралы хабарландыруды көргенімізден басталды. Бастапқыда бізге аппарат 170 мың теңге тұратынын айтты. Біз, 300 ана, бірлесе отырып, 176 мыңнан сәл артық жинадық. Бірақ кейін бізге көлік мәселесі шешілгендіктен аппараттардың бағасы төмендегенін айтты. Оттегі концентраторын біз 105 мың теңгеге алдық. Қалған қаражатты қайда жұмсайтынымызды біз бірлесіп шештік, - деп есіне алады Айжан.

Ыстық түскі ас дайындау идеясы «Ана-Мама» қоғамдық қорында пайда болды. Нәтижесінде «Асыл Ана» мен «Ана-Мама» бірлесп, іске кірісті. Оларға «Кунгей» ықшам ауданындағы көп балалы отбасылар қосылды. Ал қалған қаражатқа олар екі қой мен қажетті азық-түлік сатып алды.

- Кувская көшесіндегі мешіт жанындағы медресе асханасында дайындап жатырмыз. Біз осы вируспен күресте, орын алып отырған жағдайда бәріміз бірге екенімізді көрсеткіміз келеді. Қазір бізде көп балалы аналарға - қала және облыс әкімдіктеріне, Денсаулық сақтау басқармасына, «Нұр Отан» партиясына және басқаларына алғыс айту мүмкіндігі туды. Жәнеде де, әрине, індетпен кұресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерімізге көмектескіміз келеді, - дейді Айжан.

Әр түрлі қоғамдық қорлардағы аналар кезектесіп ас дайындайды. Олар компоттар мен ыстық тағамдар, тоқаштар мен бауырсақ пісіреді. Күнделікті пісірілген ыстық тамақ жедел жәрдем стансасына және провизорлық госпитальдарға жеткізіледі. Күн сайын көп балалы қарағандылықтар дайындаған тағамдарды 270 дәрігер жейді.

- Өздеріңіз білесіздер, бұған сену қиын, бірақ бауырсақты алғаш рет госпитальға әкелген кезде дәрігерлердің бірі жылап жіберді. Олар 15 күн немесе тіпті бір ай бойы туыстарын, үй тағамдарын көрмейді. 12-14 сағаттан аяқтарында тік тұрып, қызмет етуде. Олар үшін бұл тек дәмді тамақтану ғана емес, қолдау барының көрінісі. Ақ халаттылар жақындарымыздың өмірін құтқарған қиын кезеңде, біз оларға қамқорлық жасайтын боламыз, - деп атап өтті «Асыл Ана» қорының төрайымы.

Көп балалы аналар дәрігерлер үшін ыстық түскі асты бір апта бойы дайындап келеді.

Акцияға қатысуға немесе көмек көрсетуге тілек білдірушілер Айжан Байділдиноваға 8-778-664-65-13 телефоны арқылы хабарласа алады.

"Асыл Ана" бірлестігі өз қызметі туралы Instagram-да asylana.krg парақшасында баяндайды.