Қарағанды облысының 4,6 мыңнан астам медицина қызметкері маусым айында үстеме жалақы алады

Қарағанды облысының 4,6 мыңнан астам медицина қызметкері маусым айында үстеме жалақы алады

Медициналық сақтандыру қоры COVID-19-ға қарсы күреске тартылған қызметкерлерге қосымша ақы төлейді. Қарағанды облысында 4 610 медицина қызметкерлері маусым айына қомысша үстемақы алады. Бұл төлемдер үшін республикалық бюджет қаражатынан медициналық сақтандыру қорына 3,03 млрд теңге бөлінді.

Наурыз айынан маусым айына дейін қор қаржы операторы ретінде медқызметкерлердің жалақысына қосымша 2,57 млрд теңгеден астам қаржы төлеген.

Облыста ай сайын қауіпті вируспен жұмыс істейтін дәрігерлер саны өсуде. Егер наурыз айында үстемеақыны 1 356 қызметкер алса, мамыр айында олардың саны 3 522 адамға дейін өсті.

Үстемақы мөлшері ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен анықталды. Тәуекел тобына байланысты медицина қызметкерлеріне қосымша ақы 212 мың теңгеден (5 ЖМК) 850 мың теңгеге дейінгі (20 ЖМК) соманы құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, үстеме алушылар тізімін жедел штабтар жанынан құрылған өңірлік комиссиялар бекітеді. Комиссия төрағалары әкімдердің орынбасарлары болып табылады, олардың құрамына сондай-ақ медициналық сақтандыру қоры филиалдарының қызметкерлері, өңірлік бас мемлекеттік санитарлық дәрігер, Денсаулық сақтау басқармаларының, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері кіреді.

Медициналық сақтандыру қоры тізімдер бойынша деректердің дұрыстығын Денсаулық сақтау министрінің «COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкестігін тексереді.

Егер медициналық қызметкерлерде үстемақыға қатысты сұрақтар туындайтын болса, оларға өңірлік комиссияларға жүгінуге болады.

Коронавируспен ауырған дәрігерлерге төленетін төлемдер ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен өңірлік комиссиялардың шешімдері негізінде жүзеге асырылады.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша