Геннадий Головкин қазіргі заманның топ-25 үздік боксшылары қатарына кірді

Геннадий Головкин қазіргі заманның топ-25 үздік боксшылары қатарына кірді

Givemesport.com сайты осы уақытта өнер көрсетіп жүрген 25 үздік боксшылар рейтингін құрды. Бұл тізімге атақты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де енгізілді.

Головкин тізімдегі 11-ші орында тұр. Үздік деп американдық Теренс Кроуфорд танылды.

«Головкин соңғы онжылдықта басым күшке ие болды және оның топ-10-ға жетуге жолы болмады. Көпшілік оған жекпе-жек өткізу туралы шешімдері кедергі етті, кем дегенде «Канело» Альвареске қарсы жекпе жегінің нәтижесі оның мәртебесіне әсерін тигізді деп санайды. 38 жасқа толған боксшының ең жақсы жылдары артта қалды, бірақ ол әлі де орташа салмақтағы қарсыластарына үлкен қауіп төндіреді», - деп жазады Givemesport.com сайты.

Басылым нұсқасы бойынша қазіргі заманның топ-25 үздік боксшылары:
1. Теренс Кроуфорд.
2. Василий Ломаченко.
3. Сауль «Канело» Альварес.
4. Наоя Иноуэ.
5. Александр Усик.
6. Артур Бетербиев.
7. Эррол Спенс.
8. Тайсон Фьюри.
9. Хуан Франсиско Эстрада.
10. Мигель Берчельт.
11. Геннадий Головкин.
12. Джош Тейлор.
13. Мэнни Пакьяо.
14. Энтони Джошуа.
15. Шакур Стивенсон.
16. Калеб Плант.
17. Деонтей Уайлдер.
18. Джермалл Чарло.
19. Дмитрий Бивол.
20. Майрис Бриедис.
21. Хосе Рамирес.
22. Теофимо Лопес.
23. Роман Гонсалес.
24. Нонито Донэйр.
25. Каллум Смит. 

https://www.sports.kz/news/predstavlen-top-25-luchshih-bokserov-sovremennosti-s-uchastiem-golovkina