32 мыңға жуық қазақстандықтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды

32 мыңға жуық қазақстандықтың мүгедектік мерзімі автоматты түрде ұзартылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес 31 900 азаматтың мүгедектік мерзімі 3 айға автоматты түрде ұзартылды. Бұл ретте мемлекеттік жәрдемақы 17 шілде күні бұрын белгіленген мүгедектік тобы бойынша төленді.

Бұдан басқа, 9 мыңнан астам қазақстандық мүгедектікті eGov.kz порталы арқылы онлайн-режимде рәсімдеді немесе ұзартты.

СOVID-19 таратылуына байланысты шектеу шараларының қолданылуының барлық кезеңі ішінде қазақстандықтар мүгедектікті белгілеу және қайта куәландыру үшін электрондық форматта өтініш бере алады.

Өтініш беру үшін eGov.kz порталында авторлану қажет және электрондық цифрлық қолтаңба болуы тиіс.

Кіру орындалғаннан кейін жоғарғы оң жақ бұрышында ашылмалы тізім бар батырманы басып, «электрондық өтініштер» және «Қызметке онлайн тапсырыс беруді» таңдау қажет.

Бұдан әрі өтініш беруші жеке кабинетке түседі, онда оған «құру» батырмасын басу қажет. Содан кейін алаңдарды толтыру («аймақ», «нақты тұратын мекен-жайы», «ұялы телефон» және т.б.) керек. «Алушы» жолағында «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Аумақтық департаменті» таңдау қажет. Бұдан басқа, құжаттардың фотосуреттелген немесе сканерленген көшірмелерін қоса беру керек. «Қажетті құжаттар тізімі» сілтемесі бойынша өтіп, мүгедектікті ресімдеу немесе ұзарту үшін қандай көшірмелер қажет екені туралы мәліметпен танысуға болады.

Соңғы әрекет ЭЦҚ-кілттің көмегімен өтінімге қол қою болады. Ол үшін «Сертификатты таңдау» батырмасын басу және аты «RSA...» - дан басталатын файлға басу қажет, содан кейін жүйе ашық парольді енгізуді талап етеді.

Өтініш беру нәтижесінде өтінімге Жеке кабинетте мәртебе беріледі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша