Шет ауданында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша жолдар мен су құбырлары жөнделуде

Шет ауданында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша жолдар мен су құбырлары жөнделуде

Қарағанды облысының Шет ауданында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасының аясында ауылдың әлеуетін арттыру және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша аудандық маңызы бар жолдар жөнделді, ирригациялық жүйе ауыстырылды және көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда.

- Біздің ауданда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында бірқатар ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу, су құбыры желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, Ақсу-Аюлы ауылындағы Жанғұтты-би және С. Сейфуллин көшелеріндегі жолдар асфальтталды, - дейді аудан әкімінің орынбасары Азамат Әбілдин.

Сондай-ақ Ақсу-Аюлы орталық ауруханасы күрделі жөндеуден өткізіледі. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 35% ы аяқталды. Орталық аурухананың әкімшілік бөлігі жаңартылған бөлімшеге көшуге дайын. Мердігер компания қалған жұмыстардың қысқа мерзімде орындалатынына уәде берді.

- Бүгін «Ауыл - ел бесігі» және «Жол картасы – 2020» бағдарламалары кенттерді абаттандыруға үлкен үлес қосты. Атап айтқанда, Ақсу-Аюлы аудан орталығында орталық аурухана ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін 500 миллион теңге бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында 90 адам жұмыс істейді. Бастапқыда жоба екі жылға есептелген. Алайда мердігер құрылыс жұмыстарын биыл аяқтап, нысанды желтоқсан айында тапсыруды жоспарлап отыр, - деп түсіндірді Азамат Әбілдин.

Шет ауданы әкімінің орынбасарының айтуынша, аурухананың материалдық базасы жақсаратын болады. Сондай-ақ, медициналық мекеменің автопаркі біртіндеп жаңа жедел жәрдем машиналарымен толығады.