"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына қатысуға құжаттар қабылданады

"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығына қатысуға құжаттар қабылданады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын алуға конкурс өткізу туралы жариялады. Құжаттар 5 қыркүйекке дейін qazvolunteer.kz сайтында қабылданады

Конкурс волонтерлік қозғалысты дамыту мен қолдауға, сондай-ақ әлеуметке және қоғамға пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды ынталандыруға бағытталған.

Сыйлық 15 номинация бойынша тағайындалады:

- Үздік волонтерлік ұйым;

- Корпоративтік волонтерлік көшбасшы;

- Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары;

- Үздік әлеуметтік көмекші;

- Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін;

- Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін;

- Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін;

- Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін;

- Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін;

- Білімді әйгілеудегі үлесі үшін;

- Қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін;

- Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін;

- Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін;

- Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін;

- Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін.

Қатысу ережелері мен құжаттар тізімі qazvolunteer.kz және adilet.kz сайттарында.

Толық ақпаратты (+77172) 74-12-86, 74-03-11 байланыс нөмірлері немесе r.krasnoschekov@mki.gov.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі