
Соңғы екі апта ішінде Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды. Қазіргі уақытта пациенттерді тәуліктік шығару емдеуге жатқызуға қарағанда жоғары. Стационарларға жүктеме төмендеді.
Қарағанды облысында жұқпалы және пульмопровизорлық бейіндегі 4 486 төсек бар. Жұқпалы және провизорлық госпитальдардағы төсектердің жүктемесі 50%-ға дейін азайды. Қазір облыс стационарларында 2 433 науқас емделуде. Эпидемия басталғаннан бері 4 403 науқас сауығып кетті - бұл жұқтырғандардың жалпы санының 62%-ы.
Сонымен қатар жедел жәрдемге жүгіну саны да азайды. Бұрын диспетчерлер тәулігіне 2 200 шақырылымға дейін қабылдаса, қазір 600-ге дейін қоңырау қабылдайды.
- Жедел жәрдем шақырулары үш есе азайды. Төсек-орын бар, бүгінде олардың 50%-ы бос және резервте тұр. Екі апта бұрын бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары болды және 80%-ды құраған болатын, - деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында.
Сондай-ақ, өңірде ауруханалардың жабдықталуына ерекше көңіл бөлінеді. Науқастарды оттегімен қамтамасыз ету үшін 1 500 концентратор сатып алынды, сондай-ақ бес объектіге медициналық газ берудің орталықтандырылған жүйесі орнатылды.
Қазір 90 ӨЖЖ аппарат сатып алынып, олардың 10-ы осы аптада жеткізілетін болады. Жақында демеушілер өз қаражаты есебінен Түркиядан сатып алып, Қарағандыға 100 оттегі концентраттарын және қажетті дәрі-дәрмектерді, соның ішінде антикоагулянттарды алып келді.
- Бүгінде 17 компьютерлік томография кабинеті жұмыс істейді. Қазан айында тағы бесеуі - Шахтинск, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында орнатылады. Сонымен қатар, біз 25 заманауи сандық рентген аппаратын сатып аламыз, - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, өңірде дәрілік заттардың стратегиялық қорын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ресейден 17 тонна дәрі келіп түсті. Дәрі-дәрмектерді жеткізуді үш есе ұлғайту жоспарлануда.