Бөтелкені балмұздаққа айырбаста: Қарағандыда эко акция жалғасуда

Бөтелкені балмұздаққа айырбаста: Қарағандыда эко акция жалғасуда

Қарағандыда "бес пластик немесе шыны бөтелкені балмұздаққа айырбаста" экоакциясы жалғасуда. Ертең, 30 шілде, сағат 15:00-де цирк алаңында  қабылданады. Бөтелке орнына тазалық үшін күресушілер тәтті мен балмұздақ алады.

"Акция сәрсенбі, 31 шілде, Оңтүстік-Шығыстағы Жеңіс саябағында өтеді. Жақында қаланың басқа бөліктерінде де ұйымдастырылмақ. @qaragandy_akimdigi Instagram парақшасына жазылыңыздар. Қаламызды таза етейік!» – дейді Қарағанды әкімдігі.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбіде Майқұдық саябағында қарағандылықтар 50 мың бос шыны және пластик бөтелкелерді 10 мың балмұздаққа айырбастады.