Қарағанды облысында «Долинное» жаңа алтын өндіру фабрикасы ашылды

Қарағанды облысында «Долинное» жаңа алтын өндіру фабрикасы ашылды

«АК Алтыналмас» АҚ Қарағанды облысындағы «Ақтоғай» жобасында (Балқаш қаласынан 120 шақырым жерде) орналасқан «Долинное» алтын өндіру фабрикасының өнеркәсібін іске қосты. Жаңа фабриканың өндірістік қуаты - жылына 2 500 000 тонна кенді құрайды.

Кәсіпорын ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоршаған ортаға эмиссияларға 2020-2029 жылдар кезеңіне рұқсат алды. Рұқсат шарттарына сәйкес, компания Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарын; рұқсаттың қолданылу кезеңінде эмиссиялар нормативтерін, табиғатты қорғау іс-шараларын сақтау бойынша міндеттемелерді өзіне алады.

«Долинное» АӨФ пайдалануға берілгеннен кейін «АК Алтыналмас» АҚ Ақтоғай өндірістік алаңының кенін қайта өңдеу бойынша жалпы қуаты жылына 5 200 000 тоннаға дейін, ал тау-кен массасын өндіру бойынша – жылына 50 000 000 тоннаға дейін артады.

CIP технологиясы бойынша «Долинное» АӨФ-да іске қосу-баптау жұмыстары осы жылдың 22 мамырында басталды. Қазіргі уақытта өндірісті апатсыз және қауіпсіз іске қосу, сондай-ақ өндірісті жобалық көрсеткіштерге шығару бойынша жұмыстар сәтті аяқталды және маусым айының басында алтын өңдеу фабрикасында салмағы 5,3 кг алтынның алғашқы құймасы шығарылды.

«Долинное» АӨФ соңғы 10 жыл ішінде «АК Алтыналмас» АҚ-ның «Ақбақай» алтын өндіру фабрикасымен, «Пустынное» байыту фабрикасымен және «Altynalmas Technology» бағалы металдарды шығару зауытымен бірге салынған және іске қосылған төртінші фабрикасы болды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша