Қарағанды облысының кәсіпкерлері МӘМС жүйесінде өз қызметкерлерін сақтандыру керек

Қарағанды облысының кәсіпкерлері МӘМС жүйесінде өз қызметкерлерін сақтандыру керек

Жарналар мен аударымдардан босатылған шағын және орта бизнестің 46 мыңнан астам қызметкері медициналық сақтандыру жүйесінде мәртебесіз қалуы мүмкін. Уақытша мәртебені ШОБ субъектілерінің қызметкерлері өз өздеріне тағайындай алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейін шағын және орта бизнестің 29 санаты медициналық сақтандыру қорына жарналардан босатылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Осы 6 ай ішінде жарналар түспейтін қызметкерлер сақтандырылған болуы үшін жұмыс берушілер қызметкерлердің тізімін медициналық сақтандыру жүйесіне енгізуі тиіс.

ӘМСҚ-ға ақпарат беру механизмі: жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің тізімін электронды форматта ай сайын 25-ші күннен кешіктірмей ұсынады. Бұл үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтына келесі сілтеме бойынша өту қажет https://msb.fms.kz/login  және жұмыс істейтін ұйымының БСН-ін тауып алу қажет (бұл тзімде БСН болмаса ұйымды тіркеу мүмкін емес) Бұдан кейін заңды тұлға немесе ЖК электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен Қордың ақпараттық жүйесіне тіркеліп, кіру және пайдаланушылық келісімге қол қою қажет. Бұдан әрі МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН қосылады. Бұл бір Excel файлымен де, әрбір жеке қызметкерге де жасалуы мүмкін. Кейіннен деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ, тек осы деректерді өзектендіру қажет болады. Бұл ақпарат ай сайын мемлекеттік кіріс комитетіне берілетін болады.

- Жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне қамқорлық көрсетуі керек. Тізімді уақытында беру керек екенін түсінген жөн, олардың қызметкерлері медициналық сақтандыру пакетіне толық қол жеткізе алады. Адам емханаға келгенде, оның мәртебесі «сақтандырылмаған» деп көрсетлетін жағдайларға жол бермеу керек, - деп атап өтті медициналық сақтандыру Қоры Қарағанды филиалының директоры Фазыл Көпобаев

Жалдамалы қызметкерлер Qoldau-24/7 мобильдік қосымшасы арқылы медициналық сақтандыру жүйесінде «сақтандырылған» деген уақытша мәртебесін өз бетінше ала алады. Қосымшада тіркелгеннен кейін «бізге жазыңыз» плагинін басу қажет, әрі қарай «өтініш жасауды» таңдап, «кеңес беруден» кейін және өз өңіріңізді көрсету қажет. Өтініш беру жолында «Мен салық төлемдері мен әлеуметтік аударымдардан босатылған, бірақ медициналық сақтандыру қорына мен туралы мәлімет жібермеген ШОБ иесінің қызметкері болып табыламын» деп өтініш жазуы керек. Содан кейін еңбек қызметі жүзеге асырылатын ұйымның БСН-ін, өзінің ЖСН-ін көрсету және еңбек шартының көшірмесін тіркеуі тиіс. Деректер тексерілген соң қызметкерге бр айға мәртебе беріледі. Кейін  жұмыс беруші қызметкер туралы мәліметті жүйеге енгізуі қажет болады.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша