
Қарқаралы қаласында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде қаланың келбетн көркейіп тұрған «Бәйтерек» және «Сарыарқа ұшқыштары» кешендеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Дана би - Қаздауысты Қазыбек бидің суреті ілінген фотошежірені жалғастырған батырлар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, ғылым, өнер саласы майталмандарының келбеті бейнеленген орын – Қарқаралының төл құжаты іспеттес. Келген қонақтар алдымен осы «Бәйтерек» алаңына келіп, киелі өлкеден қанаттанған перзенттер туралы мәліметтер алады. Бүгінде аталмыш орынға сырлау, тас төсеу жұмыстарымен қатар жарық шамдары орнатылып, орындықтар қойылды. Фотосуреттері де жаңартылды.
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, жерлесіміз, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің құрметіне орай ашылған «Сарыарқа ұшқыштары» кешенінде де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, фотосуреттер ауыстырылып, көгалдандырылды.
ortalyq.kz