
"Таза Қазақстан": қарағандылықтарды 27 шілдеде "Таза жағалау" экологиялық акциясына қатысуға шақырады. Ниет білдірушілерді 09:30-да Федоров су қоймасының қалалық жағажайында күтеді.
– Барлығын қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптармен және сөмкелермен қамтамасыз етеміз. Біз осындай акцияны Кіші Бұқпада өткізіп, 100 қап қоқыс шығардық, – деді Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Шахназар Сейтімов.
Естеріңізге сала кетейік, су айдындарының жағалауларын тазарту "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында жүргізілуде.