Balkhash Tour Fest-те автобустар тегін жүреді

Balkhash Tour Fest-те автобустар тегін жүреді

Balkhash Tour Fest өтетін күндері, 26 және 27 шілдеде Балқаш автостанциясынан Ақшағылға (Рембаза кенті) және Ақшағылдан (Рембаза кенті) автостанцияға дейін тегін автобустар ұйымдастырылады. Көлік 09:00-ден 00:15-ке дейін жүреді.

Жөнелтілімдер арасындағы аралық – 15 минут.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайынғы Balkhash Tour Fest 2024 фестивалі 26 және 27 шілдеде Балқаш көлінің жағажайында, Ақшағыл ауданында (Рембаза) өтеді. Ұйымдастырушылар таңғы 10-нан түн ортасына дейін созылатын мәдени, спорттық және ойын-сауық шараларын дайындады.

Balkhash Tour Fest туралы қосымша ақпарат Instagram әлеуметтік желісінен көруге болады: @balkash_tour_fest.

@balqash_qalasy_akimdigi