Қарағанды жастары бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырылады

Қарағанды жастары бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырылады

26 шілде, жұма күні Қарағанды қаласының орталық саябағында "Шахтер" футбол клубының аллеясының жанында "Жастарға жұмыс" бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Басталуы 16:00.

30-дан астам компания мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынады. Жұмыс берушілердің қатарында жеке ірі кәсіпорындар да, мемлекеттік ұйымдар да бар.

Сондай-ақ концерттік бағдарлама дайындалды, диджей мен сыйлықтар болады.

Ұйымдастырушы – AMANAT партиясының "Жастар Рухы" Жастар қанаты" ҚБ Қарағанды облыстық филиалы.