
Биылғы жылы карантинге байланысты Металлургтер күнін тойлау форматы өзгертілді. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы онлайн түрде өндіріс үздіктерін құттықтады.
Алғаш рет қалада жаппай тойлау мен мерекелік шаралар өткізілмейді. Мәдениет үйінде дәстүрлі марапаттаулар мен стадионда концертер ұйымдастырылмайды.
Комбинатта жыл сайын Металлугтер күні қарсаңында 60 үздік қызметкерлер таңдалды, олардың портреттері жыл бойы Даңқ аллеясында орналасады. Бұл дәстүр өзгеріссіз қалды.
- Биылғы жылы біз Металлугтер күнін ерекше түрде атап өтудеміз. Пандемия шарттары өз ережелерін енгізді, дегенмен біз бірнеше шараларды онлайн режимде өткізудеміз. Даңқ аллеясы - 2020 аштық. Құрмет тақтасында 60 үздік қызметкердің суреті орналастырылған. Біздің ұжымымыз өте ұйымдасқан. Қызметкерлеріміздің еңбегі арқасында металлургиялық комбинат тұрақты жұмыс істеп тұр. Әрине, барлық қауіпсіздік шарттарын орындай отырып, ардагерлерімізді құттықтаймыз, - дейді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Вадим Басин.
"Жақтау" кәсіподақ торағасы Виктор Щетининнің айтуынша, 600 қызметкер "Комбинат ардагері" атағын, 2500 жұмыскерге алғыс білдіріліп, ақшалай сыйлық табыс етілді. "Еңбек Даңқы" белгісі 22 адамға берілді.
Металлургтер күні жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша