
Қарағанды облысының өңірлік жедел штабының жедел әрекет ету орталығы 17 шілде күні Қазыбек би атындағы ауданда бизнес нысандарының карантин режимін сақтауын тексеру бойынша рейдтер өткізді. 22.00-ден кейін жұмыс істейтін кафелер мобильді топтың ерекше бақылауында болды.
Сондай-ақ, кальян клубтары, барлар, сауналар, техникалық қызмет бекеттері тексерілді.
Белгілі болғандай, жекелеген кәсіпкерлер карантиндік талаптарды елемейді және 22.00-ден кейін жұмыс істейді.
Тыйым салынғанына қарамастан, кальян "Hookah House" ашылды, түнгі уақытта "Хан" сауна, "Ажур", "Азия", "Nell' s After work bar" кафелері, "Сәлем" азық-түлік дүкені (Ержанов к-сі, 39/2) және ТҚС (Асфальтная к-сі, 26) жұмыс істеді.
Енді аталған бизнес нысандарының басшыларына 640 мың теңге (230 АЕК) айыппұл салынады.
Полиция қызметкерлері карантиннің талаптарын көбіне көңіл көтеру орындары елемейтінін атап өтті.