
COVID-19 коронавирус пандемиясының таралуына қарсы шаралар шеңберінде Қазақстанда жұмыс атқаратын бірқатар түркиялық инвесторлар елімізге жаңа гуманитарлық көмек жолдады.
Атап айтқанда, түркиялық Orhun Medical мен Yildiz Holding инвесторлары COVID-19 коронавирус пандемиясына қарсы күресте алдыңғы қатарда белсенді қызмет атқарып жатқан Қарағанды және Жамбыл облыстарының денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне 450 данадан қорғаныс киімдерінің толық жиынтығын (қорғаныс костюмдері, қолғаптар, маскалар, экрандар және т. б.) жолдады.
Сонымен қатар, түркиялық Agrobest Group қазақстандық серіктесі Regatta Consult компаниясымен бірге Қостанай облысындағы науқастарды емдеу үшін 10 оттегі концентраторларын жолдады.
Orhun Medical, Yildiz Holding, Agrobest Group және Regatta Consult компанияларының гуманитарлық көмектері Қазақстанға ұлттық тасымалдаушы «Air Astana» әуекомпаниясының тікелей қолдауы арқасында жеткізілді.