
Қарағандыда Станиславский атындағы орыс драма театрының актерлеріне арналған жатақхана ашылды. Ол театрға іргелес ғимаратта орналасқан. Тұрғындардың иелігінде бес бөлме және шақырылған режиссерлер үшін бір VIP-нөмір қарастырылған.
Жатақхана қажетті тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Әр бөлмеде теледидар, тоңазытқыш, жеке санитарлық торап және душ бөлмесі бар. Сондай-ақ, жалпы кір жуғыш машина орнатылған. Жақын арада мұнда сымсыз интернет және кабельді теледидар пайда болады.
Бөлмелерге серіктес қалаларда тұратын әртістер қоныстана бастады.
- Өз жатақханамыздың болуы театр актерлерінің көптеген проблемаларын шешеді. Бұрын, мысалы, жаңа жылдық мерекелер кезінде, біз күніне бірнеше спектакль қойған кезде, актерлер қоныстануға арналмаған гримдеу бөлмелерінде түнеуге мәжбүр болатын. Тіпті серіктес қалаларда тұратын актерлер ауа-райы қолайсыз болған кездері немесе басқа да себептермен үйлерәне қайта алмаған жайттар да болды. Енді бұл мәселе шешілді, - дейді К. С. Станиславский атындағы орыс драма театрының жетекшісі Дунай Еспаев.