Шілде айынан бастап қарағандылық еріктілер 145 қайырымдылық акциясын өткізді

Шілде айынан бастап қарағандылық еріктілер 145 қайырымдылық акциясын өткізді

Пандемия басталғалы Saryarka Jastary аймақтық еріктілер штабы мұқтаждарға көмектесіп келеді. Еріктілер демеушілер тауып, көмекке мұқтаж адамдарға қол ұшын созуда.

Қарағандының белсенді жастары өткен демалыс күндері қайырымдылық акциясын өткізді. Еріктілер 46 аз қамтылған отбасына 3 тонна азық-түлік таратты. Акцияға 25 ерікті қатысты. Демеушілердің қолдауымен олар 502 мың теңге жинап, мұқтаж жандарға көмек көрсеткен.

Сонымен қатар, Орталық мәдениет және демалыс саябағында жастар қалалықтарға 250 маска таратты.

- Шілде айының басынан бері облыста 145 акция өткізілді. Оған 888 ерікті қатысып. Облыстың барлық жастар ресурстық орталықтары мен Saryarka Jastary штабының еріктілері мұқтаж жандарға көмектеседі, - дейді Saryarka Jastary облыстық штабының еріктісі Аида Қайырбекова. -Бізге штабқа дүкенге өз беттерінше баруға мүмкіндігі жоқ әжейлерден, аталар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардан күн сайын қоңыраулар түсіп жатады. Еріктілер қажет нәрселерді сатып алып, оларды алып кетеді. Мұндай қоңыраулар өте көп. Сондықтан біз осы акцияларымызды әрі қарай да өткізетін боламыз.