
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Жезқазған өңіріне жұмыс сапары барысында Сәтбаев қаласында болды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша мұнда 15 көше жаңартылады, оның ішінде 20 жыл болйы жөнделмеген Дүрментаев көшесінің 10 шақырымы қалпына келтіріледі.
Жұмыспен қамту орталығы арқылы қала көшелерін қайта құру үшін 100 жұмыс орны құрылды.
Сондай-ақ, Сәтбаев қаласында төрт мектеп пен үш балабақша күрделі жөндеуден өтеді. Кезекте тұрғандар 72 отбасы үшін екі үй жобалануда. Сауда-жәрмеңке кешені салынды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша қалада 3 млрд теңгеден астам сомаға 18 жоба жүзеге асырылуда. 800 жұмыс орны құрылады, олардың жартысына Жұмыспен қамту орталығы арқылы сәтбаевтықтар жұмысқа орналастырылады.
Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 шілдедегі жағдай бойынша кәсіпкерлердің 9 жобасы қаржыландыруға мақұлданды.
Ағымдағы жылдың 6 айында 758,4 млн теңге инвестиция сомасына 13 бизнес нысаны іске қосылды, 54 жұмыс орны құрылды.
Жергілікті бюджеттен 2020 жылға бизнесті қолдауға 6 млн теңге бөлінді.