Қарағанды облысында "Жасыл ел" жасақтарында 1 200 сарбаз жұмыс істейді

Қарағанды облысында "Жасыл ел" жасақтарында 1 200 сарбаз жұмыс істейді

XV еңбек маусымында Қарағанды облысында "Жасыл ел" бағдарламасымен 1 200 жас адамды қамту жоспарлануда. Биыл еңбек маусымының бірінші кезеңінде 330 сарбаз жұмыс істеді.

Жұмыс барысында жасылелдіктер 60 га аумақты қоқыстан тазартып, абаттандырды, оның ішінде Балқаш көлінің жағалауында 20 шақырым учаскені ретке келтірді.

Приозерск жастары "Жасыл ел" жасақтарында белсенді еңбек етуде. Жазғы демалыс кезінде студенттер мен жұмыссыз жастар саябақтарды, гүлзарларды және жағалау аумағын көгалдандырумен және жинаумен айналысады.

- Біздің студенттеріміздің көпшілігі өздерінің бос уақытын тиімді пайдаланып, жақсы істер атқаруда. Қазіргі уақытта "Жасыл ел" бағдарламасы бойынша 60 адам жұмыс істейді. Жақында жастар тобы "Бұл біздің қоқыс емес, бірақ бұл біздің қала!" акциясы шеңберінде көлдің жанындағы аумақты тазартты. Осындай жақсы істер әрі қарай да жалғасын табатын болады, - дейді Приозерск жастар ресурстық орталығының директоры Ұлан Алмас.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының хабарлауынша, "Жасыл ел" бағдарламасы аясында қыркүйек және қазан айларында Қарағанды облысының саябақтары мен саяжолдарында ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Еңбек жасақтарының орташа жалақысы - 70 мың теңге.