БҒМ Білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартты

БҒМ Білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартты

Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін ұзартты. Құжаттар 25 шілдеге дейін қабылданады.

Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкер еgov.kz Электрондық үкімет порталы арқылы келесі құжаттарды тапсыру керек:

- белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш;

- білімі туралы құжат;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Медициналық анықтамалар әзірше талап етілмейді.ҰБТ нәтижелері бар электрондық сертификат жүйеде автоматты түрде пайда болады. Талапкерге сертификатты қосудың қажеті жоқ.Білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік конкурс нәтижелері бойынша беріледі. Талапкерлерге оны алу үшін ешқайда барудың қажеті жоқ. Гранттарды тағайындау ережесі өзгеріссіз қалды, яғни маусым айындағы ҰБТ қорытындысы бойынша үміткерлер байқауға қатысады. Биылғы жылы гранттар оқу тіліне байланысты емес.Талапкерлерді ЖОО-на қабылдауды қабылдау комиссиялары 2020 жылғы 10-25 тамыз аралығында жүргізеді. ЖОО-да оқу қашықтан жүргізілетін болады. Дәстүрлі формат зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіптік тәжірибе жүргізу үшін жеке кесте бойынша ғана қолданылады.

БҒМ Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша