Қарағандыда энергетиканы дамытуда Қытаймен ынтымақтастық құру әлеуеті талқыланды

Қарағандыда энергетиканы дамытуда Қытаймен ынтымақтастық құру әлеуеті талқыланды

Қарағандыға Қытайдың ірі энергетикалық компаниясының өкілдері келді. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесуде "жасыл" энергетиканы және басқа да салаларды дамытудағы ынтымақтастық әлеуеті талқыланды.

– Біздің компания бүкіл әлем бойынша энергетика және инфрақұрылым саласында жұмыс істейді. Қазақстан нарығын жоғары бағалаймыз, – деп атап өтті ChinaEnergy International Group вице-президенті Лин Сяодан.

Жел паркін және ірі күн электр станциясын салу жобасы таныстырылды. Оны іске асыру өңірге қосымша шетелдік инвестицияларды тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

– Біз өзара тиімді ынтымақтастық үшін ашықпыз және инвесторларға жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен Жол картасын әзірлеуге келісті.