Қарағандылық өнерпаз Қырғызстанда халықаралық авторлық ән фестивалінің Гран-приін жеңіп алды

Қарағандылық өнерпаз Қырғызстанда халықаралық авторлық ән фестивалінің Гран-приін жеңіп алды

Қарағандылық Қуаныш Мақсұтов "Әнші Ыстықкөл – 2024" халықаралық авторлық ән фестивалінің Гран-при иегері атанды.

Мұнда АҚШ, Мальта, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстаннан келген қырық сегіз орындаушы бақ сынасты.

– Биыл "Ұлттық ән авторлары" жаңа номинациясы енгізілді. Мен "Қотыр тайды" орындадым. Қазылар алқасы өте мықты болды. Сондай-ақ фестивальде жеке концерт беруге мүмкіндік туды, – деді Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы, ақын Қуаныш Мақсұтов.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының тағы бір өкілі – Сұлупан Сұлтанова фестивальдің дипломанты атанды. Ол "Ұлттық ән авторлары" номинациясы бойынша диплом алып, "Іңкәр көңіл" әнін орындады.

Биыл "Әнші Ыстықкөл" фестивалі екінші рет өтті.