
Балқаш қаласында кезекте тұрғандар үшін екі үйдің құрылысы аяқталуға жақын. Құрылыс алаңындағы жұмыстар 70 пайызға орындалды. Оның жанында тағы екі бес қабатты үйлер салынуда.
10-шы ықшамауданының 19-шы үйінде әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Коммуникациялар дайын. Бірнеше айдан кейін алғашқы тұрғындар қоныстана алады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құнының 20 пайызын жинағандар 45 пәтер алады.
- Сыртқы қабырғалар қалыңдығы 120 мм, ал қабырғаның өзі 630 мм минералды плиталармен қапталған. Жақын жерде жылу трассасы өтеді. Жыл сайын екі бес қабатты үйді қолданысқа береміз, шағым жоқ, - дейді «Балқаш Жібек жолы» ЖШС құрылыс учаскесінің бастығы Жандос Рахымберлинов.
Сегіз бригада жаңа құрылыстың ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда, басқа топ шатырлармен айналысады.
Бұл үйдің қарама-қарсы жағында тағы бір - №18 үй салынып жатыр. Ондағы пәтерлер кезекте тұрғандарға жалға беріледі.
Құрылыс алаңында барлығы 40 балқаштық жұмыс істейді.
- Жалға берілетін тұрғын үй кезекте тұрғандарға берілетін болады. Қазір Балқаш бойынша кезекте 1 500 адам тұр. Бұл үйде 15 үш бөлмелі және тағыда сонша бір бөлмелі және екі бөлмелі пәтер бар, - деді Балқаш қаласы құрылыс бөлімінің басшысы Саятбек Мусин.
Сондай-ақ, Балқаш қаласының 10-шы шағын ауданында жер жұмыстары жүргізіліп, №16 және 17-ші 90 пәтерлік екі үйдің құрылысы үшін іргетас дайындалуда. Оларды 2021 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Тұрғын үй «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша берілетін болады.