
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі Ұлттық домбыра күніне орай арт-импровизация жүргізеді. Әркім өзінің көркем шығармашылықтағы дарынын сынап көре алады, халық аспабын тарта алады.
"Күмбірле қоңыр домбыра" арт-импровизациясы 4 шілдеде өтеді. Басталуы сағат 10.00-де.
Кездесуде №1 БММ "Думан-сазы" балалар фольклорлық ансамблінің жетекшісі Ернат Узалин домбыра тарихы туралы әңгімелейді. Сурет салу бойынша шеберлік сабақты музейдің экскурсия жетекшісі Елена Кондратьева өткізеді.
Музейдің мекен-жайы: Бұқар Жырау даңғылы, 76, телефондары: (8-7212) 479-185, 478-700.